Forte Business сайты

Forte Business — кәсіпкерлер мен корпорацияларға бағытталған Forte Bank бөлімшесі. «Ракетная фирмасы» бизнес-бөлімшелердің жеке сайттарын жасады.

Фишка сайта

Біз сайттың ерекшелігі ретінде мақсатты аудиторияның үш түрлі қолданушысы бар деп анықтадық: маман (көбіне есепші), орта буын жетекшісі және компания егесі. Бұл адамдар жұмыс кезінде әр түрлі қызмет атқарса да, бәрінің мақсаты бір — компанияны жақсарту.

Сайт қонақтарына қызметтер ассортименті мен ұсынылатын өнімдер жайлы ақпаратпен танысуға көмек беру үшін, басты бет интерактивті етіп жасалған — ақпарат көлемі клиенттің қызмет түріне қарап өзгереді.

Есепші

Егжей-тегжейге толықтай қатыстырылған маман. Оның басты бет ұзындығы ең үлкен, онда көп егжей-тегжей бар.


Жетекші

Жұмысбасты қызметкер, оның назары тек негізгі тақырыптарға бағытталған. Беттің ұзындығы орташа.


Басшы

Әрдайым қолы бос емес, бірақ телефон нөмірін қалдыруға уақыт табады. Бет ұзындығы қысқа, ноутбук экранына сыйып кетеді.
 


 

Әр қызметтің өз лендосы бар

Біз мәтіндік абзацтардан құралған классикалық ішкі беттерден бас тартуға келістік: бір жағынан ешкім бірыңғай мәтінннен тұратын беттерді оқымайды, екінші жағынан — әр бет жарнамада лендос ретінде қолданылатын болады және сондықтан ол дербес бет болып көрінуі тиіс.

Біз бұл мәселені былай шештік, икемді дизайн-жүйені жетілдіріп, соның арқасында беттерді бөлек безендіріп, бірыңғай визуалды стильді сақтауға мүмкіндік берді.