Floradar сайтының үлгілерінің дизайны

Floradar — белгілі бір стильде және белгіленген бағамен гүл шоқтарын жеткізу қызметі. Гүл шоқтар әлемнің көптеген қалаларына жеткізіледі, себебі тапсырыс алушыға ең жақын орналасқан флористта қалыптасады.

Сайттың логикасын агенттікте әзірледі, жобаны минималды, бірақ жарқын «батыс» стилінде жасап, макеттерді жасады.

Сайт бірден қаланы және жеткізу күнін көрсетіп, содан кейін - гүл шоғын таңдауды ұсынады.

Әрбір букеттің өз түсі мен тақырыптық жапсырмасы бар.

Сайттың бетінде тапсырыс беруші үшін қажетті мәліметтер көрсетіледі: сипаттама, сатушының кепілдігі, клиенттердің шолуы және жеткізілген соңғы гүл шоқтың ақпараты. Экранның оң жағындағы тапсырыс парағы сайттың келушілеріне әрқашан көрініп тұрады, тіпті сайттың бетін айналдырған кезінде де.

Гүлшоқ беті

Сайтта оқиғаларды ескерту күнтізбесі бар — тек поштаңызды көрсетіп, керекті күндеріңізді белгілесеңіз, сайт белгіленген уақыттан бірнеше күн бұрын маңызды оқиғаларды еске салады.

Жоспарлаушы маңызды күндерді есте сақтауға көмектеседі

Сайттың артықшылығы — өткір тақырыптар бойынша мақаласы бар блогы: сайтта қарым-қатынас мәселелеріне байланысты ерлер мен әйелдердің пікірлері салыстырылады. Блог стереотиптік гендерлірдің айырмашылықтарын көрсетеді және сайттың келушілеріне бір жақты қолдау мүмкіндігін береді.

Брендон мен Аманданың блогы

Сайттың бөлек парағында қызметтің артықшылықтары сипатталаған — жаңа букеттер мен қосымша ақысыз белгілінген бағалар бар.

Жоба туралы

Сайттың бейімделген нұсқасы бар және ол компьютерлер мен смартфондарда бірдей жақсы жұмыс істейді.