Outlander-мен Қазақстанды бес мың шақырым бойынша шарлау

Mitsubishi әлеуметтік желілеріндегі материалдарды түрлендіру мақсатында агенттік қызметкерлері Mitsubishi Outlander автомобилімен Қазақстанды екі жетінің ішінде аралауға шықты. Саяхатшылар Алматыдан шығып, Балқаш, Қарағанды, Астана, Рудный, Қостанай, Көкшетау, Павлодар және Ақсу қалаларын аралап қайтты. Фоторепортажы бар посттар екі жарым апта бойы орташа есеппен екі күнде бір рет шығып тұрды.

Бізде екі фотоаппарат, 60 литр жанармай, 30 гигабайт әуен, аудиокітаптар және керекті заттармен жартылай толған жүксалғыш болды

«Біздің саяхатшылар өздерімен бірге шам, Nikon D5300 айналы фотоаппаратын, артық сабын саутын, екі ноутбук, оффлайн карточкалары бар екі смартфон, ұзаққа шыдайтын батареясы бар Нокиа, мобильді интернетке арналған модем, жолдорбалар және тамақ пен сусын салынған бірнеше пакет алды. Mitsubishi Outlander Алматыдан 30 тамыз күні таңғы сағат 6:00 шықты. Бірінші нүкте болып — Балқаш қаласы белгіленді».

Жарамды жол тек Алматыдан, Балқаш көлінің маңынан басталды

«Қарағандыға дейінгі жол елеусіз-ақ өтіп кетті — жол жақсы, қоршаған орта беймарал, ешқандай шытырмансыз. Кәдімгі флешкаға жүктелген музыка жалығуымызға жол бермеді.»

«Орасан зор түтеген зауыт, айтпақшы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған — Теміртау еске ерекше сақталды».

Теміртау қаласына көрініс

«Астанадан Көкшетауға қарай бірнеше шақырым бағытта табиғат көрінісі әлдеқайда өзгеріп, оңтүстік өңірден ерекшеленетін ағаштар мен көптеген шағын ауылдар көріне бастады. Қостанай облысында ортасында үлкен астық элеваторы орын тепкен астықтың алтын алқаптары созылып жатыр.»

Қостанай облысы

«Қостанайға Outlander түнделете кірді, сол себепті онда аялдамай, бірден Рудныйға бет алдық. Осында Mitsubishi аялдама жасайтын болады».

Қостанай облысында күннің батуы

«Рудныйда темір кені кен орны дамытылып жатыр, қала тұрғындарының көпшілігінің қызметі қала құрушы мекеме жұмысына қатысты. Қаланың көрікті жерлері тау-кен қазу тақырыбына қатысты. Мысалы, қалаға кіре берісте экскаватор шөміші түріндегі жазба тасы, ал қалаға екінші шеттен кіре берісте көптеген шақырымға созылып жатқан «белестер» орын тепкен. Бұл үйінділер карьерды қазу жұмыстары кезінде пайда болатын жыныстар құрылымы».

Рудный қаласы

«Қостанай-Көкшетау трассасының жартысы дерлік — шұңқырлардан, жамаулардан және ашық жерлерден құралған. Жолда автокөліктер кездеспейді. Жүк арбалары мен қала тұрғындарының ескі автокөліктері сирек кездеседі. Бұл сапардың ең ұзақ әрі күрделі бөлігі болды. Есесіне біз Көкшетауда «чекин» жасадық, өйткені осында ендігәрі қайта оралуымыз екіталай еді.»

Mitsubishi Outlander Солтүстік-Қазақстан облысындағы орман ішінде

«Ақсу — ең алдымен өзінің ферроқорытпа зауытымен әйгілі қала. Бұл зауыттың тұрбалары қалаға кірместен-ақ көрінеді. Мұнда Outlander бірнеше күн бойына лагерь құрып, Павлодар және басқа көршілес жерлерге бірнеше рет барып қайтады».

Ақсу қаласы

«Үйге қайтар жолда біз Балқаш аясында суретке түсуді ұйғардық. Бұл орайда біз бұрын жабық әскери қалашық болған Приозерскіге соғып, су жағасында бірнеше рет суретке түсіп, үйге қайтар жол алдында серпіліп, сергіп алдық.»

Балқаш көлінің жағасы

«Сапар 14 күнге созылды. Біз 4 911 шақырымды бағындырып, 9 қаланы аралап шықтық. Outlander 95-жанармайдың 467 литрін «жеді». Орташа тұтыну көлемі 100 шақырымға 9,5 литрді құрады.