«Ракетная фирмасында» қызмет

Фотки «Ракетной фирмы»

Компанияда 45 адам қызмет етеді. 24 ер адам және 21 әйел адам.

Олардың арасында басқарушы және жасампаз директорлар, копирайтерлер, веб-әзірлеушілер, мобильді әзірлеушілер, технологтар, дизайнерлер, иллюстраторлар, smm-мамандар, жоба менеджерлері, аккаунт-менеджерлер, стратегтер, медиа мамандары, сонымен бірге бухгалтерлер, контент-менеджер, кеңсе иесі, сыпырушы және мысық бар.

Бізге қосылғыңыз келсе, лайықты бос орын тауып, тест тапсырмасын орындап, бізден жауап күтіңіз. Ал лайықты бос орын болмаған жағдайда, бірақ біздің компанияда қызмет етуді қатты қалайтын болсаңыз,өзіңіз туралы jobs@rocketfirm.com мекен-жайына хат жазып, икеміңіз туралы кәдімгі түйіндемеден артық мәлімет беретін кез келген материалды қоса жіберіңіз.

Негізгі

Жұмыс барысында біз өз ойын ашық айтуды, байыптылық пен кәсіби өсімге деген талпынысты бағалаймыз. Бізбен бірге жұмыс істеу үшін, көп еңбектеніп, жылдам үйренуге дайын болу керек. Сіз «Жасау керек» және «жасадым» деген ұғымдардың арасындағы айырмашылықты білуіңіз керек. «Ракетная» қызметкерлері мәселелерге міндет ретінде қарайды және олар мәселелерді өзінше немесе басшылықтың көмегімен шешеді. Сондықтан, сырттан шешімдер күтіп үйренгендерге қиын болады. Сонымен қатар, бізде кәсіби өсу жүйесі, басшылық пен жұмыс ережелері, мықты әріптестер тізімі құрылған. Белсенді адамдарға кәсіби өсуге барлық мүмкіндік бар.

Шешімді қолайлы болғанына дейін бірнеше рет қайта өңдеуден өткізуге сіздің шыдамыңыз жетпеген жағдайда, біз сізбен жұмыс істей алмаймыз. Сіз желілік агенттікте немесе корпорацияда қызмет еткен болсаңыз, біздің агенттік сізге жарамас.

Бос орын болмаса

Бізде әртүрлі мамандықтарға лайықты штаттық, штаттан тыс және жобалық жұмыстар табылады:

Шығармашылық

  • Графикалық дизайнер
  • Техникалық дизайнер
  • Иллюстратор
  • Копирайтер

Техникалық

  • Сынақшы
  • Frontend бағдарламашы
  • Backend бағдарламашы
  • iOS, Android бағдарламашы
  • Техникалық жазушы

Әртүрлі

  • Қазақ тілінің корректоры
  • Орыс тілінің корректоры
  • Заңгер
  • Бейне редакторы

Бірде-бір жарамды бос орын болмаса, бірақ соған қарамастан бізде жұмыс істегіңіз келсе — jobs@rocketfirm.com электрондық поштаға өзіңіз туралы жазып, стандартты CV-ға қарағанда сіздің дағдыларыңыз туралы жақсы айтып беретін кез келген материалды бекітіп жіберіңіз.

Қоныс аудару бағдарламасы

«Ракетная фирмасының» құрамында Рудный, Семей, Павлодар, Петропавл және Тараз қалаларының адамдары жұмыс істейді. Біз әріптестерімізге Қазақстанның өңірлерінен Алматы қаласына қоныс аударуға көмектесеміз, ол үшін бізбен қашықтан жұмыс істеп, өз қабілеттіліктеріңізді көрсетулеріңіз керек.