Ypa.kz сайты

Ypa.kz — дербес көмекшілер қызметінің сайты.

«Үpa» қайталанатын жалықтырғыш міндеттерді көрінбейтін көмекші мойнына артуға мүмкіндік береді. Бұл үшін жеке кабинетте теңгерімді толтырып, міндетті сипаттап беру керек: ақпарат табу, құжаттарды жіберу, шоттар бойынша төлем жасау, гүлдерге тапсырыс беріп, олардың жетуін қадағалау, билеттер табу, үй-жай іздестіру, үстелге тапсырыс беру… Көмекші сіз атқаруға тиісті, бірақ атқарғыңыз келмейтін жұмыстарды орындайды.

Басты бетте қызметтің ерекшеліктері көрсетілген

Жеке кабинетте сіз орындалған және әлі де орындалу үдерісіндегі міндеттер тізімін көре аласыз. Пайдаланушы міндеттерді жазады, ал Ypa.kz оларды атқарып, қорытынды есебін береді.

Тапсырмалар тізімі

Фирмалық иллюстрация Ypa.kz жұмысшысының қалыпты күнін баяндайды