Шарын шатқалындағы тест-драйв

Mitsubishi Pajerosport және Outlander мүмкіндіктерін паш ету мақсатында біз Шарын шатқалында көшпелі фотосессия ұйымдастырдық.


«Бұл материал „GPS-тен нүктені анықта“ немесе „жүкарбаны ала сал“ сөздері еш қиындық тудырмайтын „саяхатшыларға“ арналған. Десек те қызыққа толы серуен тынысы да шетте қарап тұрмайды. Жалпы айтқанда, біз тура өзіміз сияқты „таңғажайып саяхатшылар“ үшін тест-драйв ұйымдастырдық.»

«Mitsubishi Pajero Sport қалада сымбатты кеме тектес. Онымен жүрмейсің — жүзесің, ал қалалық жылпос шағын литражды машиналарға жоғарыдан үңілесің. Трасса мен жолы жоқ жерлерден өткенде оның не үшін жасалғанын түсінесің. Биіктігіне қарамастан, бұрылыстардан жоғары жылдамдықпен өткенде жантаймайды. Кез келген жол төсемінен керемет өтеді.»

«Pajero Sport берік аспасы қара жолға түскенге дейінгі соңғы 40 шақырымда максималды 110 км/сағ жылдамдығымен жүруге мүмкіндік берді. Ал қара жолмен Шарынға дейін — 60−80 км/сағ жылдамдықтарын еш қиындықсыз ұстанды.»

«Outlander жолда өте жақсы жүреді, айдау ыңғайлы. Жолы жоқ жерлерде өзін жақсы жағынан көрсетті — ешнәрсесі селкілдемейді, сылдырламайды. Десек те біз оған бола уайымдап, шатқалға алты жолаушыны еш қиындықсыз сидырған Pajero-мен түстік. Алайда, біз бекер уайымдаған екенбіз — еңіс аласа болды, әрі шұңқырлардан да Outlander айтарлықтай қиындықтарсыз өте алатындай екен.»

«Міне, қарсы алдыңда — айбынды Шарын шатқалы. Шөгінді жыныстардың хикметті жинағы өзінің сарайлары, зындандары және қиялдағы бекіністері бар ежелгі қаланы елестетеді. Әсіресе шатқал күннің батуында әсем көрінеді — күн сәулесі қызыл жартастардың бедерін ерекшелеп, шөпті жарқырата бастайды.»

«Pajero жолы қиын мекендерге жетуге, экспедицияларға қолайлы екені сөзсіз. Ал Outlander қала үшін, қала сыртына сирек сапарларға, саяжай немесе серундерге шығуға қолайлы. Алайда қойылған міндеттерді екеуі де беске орындады.»