Электронды КСК қосымшасы

Электронды КСК қосымшасы арқасында тұрғындарға КСК диспетчеріне немесе кооперативке барып, арыз немесе өтініш жазу қажеттілігі жоғалды. Енді осының бәрін мобильді қосымша арқылы орындауға болады.

Қосымша арқылы кіреберіске жөндеу, үй алды ауласын тазалау жұмыстарын, су және жылумен жабдықтау жүйелерінің ақауларын жою секілді өтінімдерді қалдыруға, жақсартуларды ұсынуға және оларды басқа тұрғындармен талқылауға болады. Мысалы, кіреберістегі мәселе жайлы хабарлап, оның шешу жұмыстарын қадағалауға мүмкіндік бар.

Тұрғындарға КСК директоры мен негізгі қызметкерлердің байланыс нөмірлерін таба алатын мүмкіндік туды. Сондай-ақ, КСК қаржы есептерін жариялаған сәттерде оны хабарлама экранынан (және де пуш функциясы көмегімен) білуге болады. Офлайндағы кездесулерден уақытты үнемдеу үшін қосымшада алыстан кездесу бөлімі ұйымдастырылған: арнайы экранда мәселелер мен ұсыныстарды жинау және талқылау жүзеге асады.

Біз барлық мүмкін жағдайдағы ондаған экрандарды жобаладық және айос пен андройд платформалары үшін қосымшаны бағдарламаладық. Фронт-бөлігі React Native, ал сервер бөлігі Yii 2 php-фреймворкінде жазылған.

Қосымша Астана, Орал, Көкшетау және Қарағанды қалаларының КСК-терімен жұмыс жасайды.
Қазақстанның басқа қалаларын қамту жоспарлануда.

Қосымша айфондар үшін Апсторде және андройд телефондар үшін Плэй-маркетте қолжетімді.