«Вкусно дома» ингредиенттерді жеткізу қызметін көрсету сайты

«Вкусно дома» дүкеннен немесе базардан ингредиенттерді алдын ала іздеусіз, таңдаусыз және сатып алусыз-ақ үйде тағам әзірлеу мүмкіндігін береді. «Вкусно дома» сайты «тағамды кенеттен әзірлеуді» ұнататындарға арналған. Егер сіз өз бетіңізбен тағам әзірлегіңіз келсе, бірақ қол астында сәйкес ингредиенттер болмаған жағдайда, сайт сізге өз пайдасын тигізе алады.

Басты бетте сайттың фишкасы көрсетілген

Сайтқа кіруші тағам түрін таңдап, оның төлемін банк картасы арқылы жасайды. Содан соң оған қажетті мөлшерде салынған ингредиенттерді қамтитын пакет беріледі. «Вкусно дома» өнімдері балғын әрі ұқыпты қапталған. Әрбір тапсырыс жасау кезінде әзірлеудің қадамдық нұсқаулығы қоса беріледі.

Мәзірде — тапсырыс беруге болатын тағамдардың және құрамының тізімі

Рецепт және қосымша нұсқаулық